Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру мәселелері жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 58-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 181-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 11.11.2022 № 181-ө өкімімен.

      Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия 2022 жылғы 3 мамырға дейінгі мерзімде Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру мәселелері бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын.

      4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 58-ө өкіміне
қосымша

Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталығының төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы