Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 39-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Экономиканың тиісті салаларында ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін арттыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

      2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 39-ө өкіміне
1-қосымша

Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының төралқа мүшесі (келісу бойынша)

      "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының
вице-президенті, академик (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры (келісу бойынша)

Айболдинов Еламан Қанатұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры (келісу бойынша)

Ақшолақов Серік Қуандықұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Ақшолақов Қуандық Жақсыбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери ғылыми-зерттеу орталығының басшысы (келісу бойынша)

Аяған Бүркітбай Ғелманұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (келісу бойынша)

Батырбеков Ерлан Ғадлетұлы

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі "Ұлттық ядролық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

Жәрменов Әбдірасыл Алдашұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

Жұмабеков Асанбай Құдайбергенұлы

-

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Ғылыми әкімшілендіру департаментінің директоры (келісу бойынша)

Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша)

Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Нұрғожин Марат Рахмалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

Саданов Аманкелді Құрбанұлы

-

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

Сейдуманов Серік Тұрарұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

Фишер Дәметкен Еділқызы

-

"А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)

Шерниязданов Шыңғыс Асқарұлы

-

"Қазақ мұнай және газ институты" акционерлік қоғамы төрағасының ғылым, инвестиция және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары (келісу бойынша)




Ященко Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Зоология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 39- ө өкіміне
2-қосымша

Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Ведомствоаралық комиссияның мақсаты ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажетіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттері

      6. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:

      1) қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін қарау;

      2) салалық ғылымның бизнеспен және өндіріспен өзара іс-қимылы;

      3) салалық мемлекеттік органдарды салалық ғылымның ағымдағы жай-күйі және одан әрі даму перспективалары туралы, оның ішінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөнінде тыңдау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.