"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:
"Борусан Макина өңірлік директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Джи Интернейшнл" Ресей/ТМД президенті (келісім бойынша)";
"Шнайдер Электрик бас директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразия Групп бас директоры (келісім бойынша)";
"Камеко басқарушы директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"БАСФ басқарушы директоры (келісім бойынша)";
"Кселл бас атқарушы директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Билайн атқарушы директоры (келісім бойынша)";
"Бостон Консалтинг Групп басқарушы директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Дэлойт әріптесі (келісім бойынша)";
"Байерсдорф қаржы директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ситибанк төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";
"Эли Лилли өңірлік директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Файзер Орталық Азия/Кавказ өңірлік басқарушы (келісім бойынша)".
Премьер-Министр | А.Мамин |