"Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 140-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 628 қаулысымен.

      "Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі".

      Премьер-Министр А. Мамин