"Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері женіндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына негізделген заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын қарастыру;";
10-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген екіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш енеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша);"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице- министрі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);";
"Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);" деген жол алып тасталсын;
"Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының директоры." деген жолмен толықтырылсын.
Премьер-Министр | А.Мамин |