"Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 94-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Жұмыс тобының құрамы;

      2) Жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.

      3. Жұмыс тобы 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде сарапшыларды тарта отырып, "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын іске асыру жөнінде шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды тұжырымдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 94-ө өкімімен
бекітілген

"Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Жұмыс тобы қызметінің мақсаты Қазақстан-Өзбек шекарасында "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

      3. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады.

      5. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Жұмыс тобының міндеті

      6. Жұмыс тобының негізгі міндеті:

      1) шекара маңындағы аумақтарда сауда мен өндірістің заманауи инфрақұрылымы шеңберінде елдер бизнесінің өңіраралық кооперациясын дамыту;

      2) "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының инженерлік желілері мен көлік инфрақұрылымын жоспарлау және одан әрі салу;

      3) жаңа өткізу бекетін салу мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады:

3. Жұмыс тобының кызметін ұйымдастыру

      7. Жұмыс тобын ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 94-ө өкімімен
бекітілген

"Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры -төрағаның орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Түркістан облысы әкімінің инвестиция мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары

      "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасының басшысы (келісу бойынша)

      "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Euro Transit Terminal" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша).