Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 77-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі − Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 77-ө өкімімен
бекітілген

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылында кемінде екі рет өткізіледі.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. Кеңестің негізгі міндеті биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      6. Кеңестің функциялары:

      1) биологиялық қауіпсіздігі саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымды, технологиялар мен техниканы дамыту мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

      2) биологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарау және проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен оның тәртібі

      7. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 77-ө өкіміне
қосымша

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, хатшы

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      6. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      8. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      9. Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      10. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      11. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы

      13. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры

      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      15. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісу бойынша)

      16. "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)

      17. "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      18. "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісу бойынша)

      20. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті "Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

      21. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы Өмір туралы ғылымдар орталығының адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасының жетекшісі (келісу бойынша)

      22. "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" акционерлік қоғамының төрағасы (келісу бойынша)

      23. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

      24. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы филиалының басшысы (келісу бойынша)

      25. "Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

      26. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

      27. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      28. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

      29. "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

      30. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      31. "Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)