1. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 52-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссияның функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қойылатын өлшемшарттарды айқындау және сатып алу конкурс тәсілімен және бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарау;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушілерді айқындау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарау;
3) Комиссияның жұмыс органына, жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар және (немесе) осындай тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер жөніндегі мәліметтерді қарау;
4) Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша сатып алу конкурс тәсілімен және бір көзден алу тәсілімен, оның ішінде тапсырыс берушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен сатып алатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау, мұнда дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету осындай айқындаудың негізгі өлшемшарты болып табылады;
5) сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілерді Комиссияның айқындауын Қазақстан Республикасының Президентімен және Премьер-Министрімен келісу;
6) Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың және осындай тауарларды өндіруші әлеуетті өнім берушілердің тізбесін айқындау болып табылады.".
Премьер-Министр | А. Мамин |