Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 54-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінің 3-тармағына сәйкес:

      1. Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Миниcтр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 21 наурыздағы
№ 52-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы – хатшы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шымкент қаласының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 21 наурыздағы
№ 52-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаттары дағдарысты жағдайлар кезеңінде мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларды және мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерді айқындау болып табылады.

      3. Комиссия өз кызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның міндеті мемлекеттік сатып алу арқылы дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Комиссияның функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қойылатын өлшемшарттарды айқындау және сатып алу конкурс тәсілімен және бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарау;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушілерді айқындау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарау;

      3) Комиссияның жұмыс органына, жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар және (немесе) осындай тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер жөніндегі мәліметтерді қарау;

      4) Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша сатып алу конкурс тәсілімен және бір көзден алу тәсілімен, оның ішінде тапсырыс берушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен сатып алатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау, мұнда дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету осындай айқындаудың негізгі өлшемшарты болып табылады;

      5) сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілерді Комиссияның айқындауын Қазақстан Республикасының Президентімен және Премьер-Министрімен келісу;

      6) Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың және осындай тауарларды өндіруші әлеуетті өнім берушілердің тізбесін айқындау болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 06.05.2020 № 65-ө өкімімен.

3-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Комиссия төрағасы оның кызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      7. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Жұмыс органы) болып табылады.

      9. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органы:

      1) Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысынын күн тәртібі бойынша

      ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс;

      2) Комиссияның отырысына мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың өкілдерін және тұлғаларды шақырады (келісу бойынша);

      3) мемлекеттік органдардан, әзге де ұйымдардан және тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады (келісу бойынша);

      4) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың мамандарын және тұлғаларды тартады (келісу бойынша);

      5) Комиссия айқындаған, осы Ереженің 5-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көзделген тізбелерді Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауды қамтамасыз етеді.

      10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және бейнеконференц байланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      11. Комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін тиісті мемлекеттік органдардың, осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұсыныстарды ұсынған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың негіздемелері тыңдалады.

      12. Жергілікті қамту саласындағы уәкілетті орган осы Ереженің 5-тармағының 6) тармақшасында көзделген тізбені жедел жаңарту мақсатында Жұмыс органына Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар бойынша және осындай тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер туралы өзекті етілген мәліметтерді олардың соңғы өзгерістері күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Жұмыс органы осы мәселенің Комиссияның таяудағы отырысында қаралуын қамтамасыз етеді.

      13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

      Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      14. Комиссияның шұғыл мәселелерді қарауы қажет болған жағдайда, Комиссия төрағасының шешімі бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.

      Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беруге арналған мәселе бойынша материалдар жіберілген кезден бастап күнтізбелік бір жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Материалдарды жіберу Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы жүргізіледі.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері ЭҚАБЖ арқылы жұмыс органына *pdf форматындағы қол қойылған дауыс беру парағын қоса бере отырып, Комиссия мүшесінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хат жібереді. Дауыс беру парағын көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Комиссия мүшесі жақтап дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.03.2020 № 53-ө өкімімен.

      15. Хаттаманы ресімдеуді дауыс беру өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

  Мемлекеттік сатып алу
мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия
туралы ереже

Комиссия мүшелерінің
ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ

      ______________________________________________________________
Тегі Аты Әкесінің аты, лауазымы

      ______________________________________________________________
Отырыс күні________ № ________


Мәселе №

Мәселе мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

ескертпе (егер шешім қолдау тапса толтырылмайды)

1.







      _____________

      ҚОЛЫ

      Ескертпе: тікелей Комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін Жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

      Сырттай дауыс беру кезінде дауыс беруге арналған мәселе бойынша материалдар жіберілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей Жұмыс органына жіберіледі, дауыс беру парағы көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, Комиссия мүшесі шешімнің жобасын жақтап дауыс берді қолдады деп есептеледі.