Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Көлік жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22-ө өкімімен бекітілген |
Көлік жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Көлік жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында көлік саласын тұрақты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
5. Кеңестің отырыстары қажет болған жағдайда, бірақ жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.
2. Кеңестің міндеті
6. Белгіленген мақсаттар аясында Кеңеске:
1) Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың стратегиялық бағыттары;
2) көлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеті жүктеледі.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібі
7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22-ө өкімімен бекітілген |
Көлік жөніндегі кеңестің кұрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрі
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Қазавтожол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Эйр Астана" акционерлік коғамының президенті (келісу бойынша)
"Kazlogistics" Қазақстанның көлік одағы алқа төрағасының орынбасары (келісу бойынша)