Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 176-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес:

      1. Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 176-ө өкімімен
бекітілген

Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасына енгізу үшін ғылыми зерттеулерді таңдауды сараптама кеңестері берген ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылардың негізінде жүзеге асырады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Комиссия туралы ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      5. Комиссияның міндеттері:

      1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;

      2) мамандандырылған ғылыми бағыттарды қарау және мақұлдау;

      3) ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      4) орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді қарау болып табылады.

3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен оның тәртібі

      6. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 176-ө өкімімен
бекітілген

Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2021 № 107-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Әскери ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан ГАЖ орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      Әбрайымов Досай Қасымұлы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласының құрметті қызметкері, әскери ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының профессоры (келісу бойынша)

      Асылов Нұрғали Жұмажанұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының профессоры (келісу бойынша)

      Ахметов Жұмабек Хатиоллаұлы - әскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің бастығы (келісу бойынша)

      Шлейко Михаил Евстратович - әскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының доценті (келісу бойынша).