Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 106 өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары;
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі секторының меңгерушісі (келісу бойынша);
"Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 106 өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға ықпал ету болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
6. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін Комиссия мынадай:
1) шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты жетілдіру және дамыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
2) шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру міндеттерін жүзеге асырады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.