Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 96-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 27.10.2022 № 176-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 03.03.2021 № 47-ө өкімімен;

      2) "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      мыналар:

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі,

Балықбаев
Такир Оспанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Әлібек Асқар

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры енгізілсін;

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр А. Мамин