"Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";
мына:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының вице-министрі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі".
Премьер-Министр | А. Мамин |