"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 6-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 74-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 6-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарында:

      реттік нөмірі 172-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

172

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

Заң жобасы

2018 жылғы қараша

МСМ

ойын бизнесінің қолданыстағы заңнамасын жетілдіру, құқықтық реттеудегі олқылықтарды қалпына келтіру

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев