Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 131-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      Білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 123-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының ИСЕСКО Атқарушы кеңесіндегі өкілі, Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, бас хатшы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      "География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің құрметті төрағасы (келісім бойынша)

      "ЮНЕСКО Клубтарының қазақстандық ұлттық федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      Халықаралық Түркі академиясының президенті (келісім бойынша)

      "Мәдениет" қорының президенті (келісім бойынша)

      Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы "Ғылым және руханият" ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Дүниежүзілік мұра Ұлттық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Дүниежүзілік мұра Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО-ның халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөніндегі Ұлттық комитетінің құрметті төрағасы (келісім бойынша)

      ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы Қазақстандық Ұлттық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 31 тамыдағы
№ 123-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың ЮНЕСКО-ның халықаралық және өңірлік бағдарламаларына қатысуын жүзеге асыратын, сондай-ақ ЮНЕСКО хатшылығымен және ЮНЕСКО органдарымен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, ЮНЕСКО-ның жарғысын және ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың жарғысын, осы Ережені, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай және кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеті

      5. Комиссияның негізгі міндеті мына мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:

      1) ЮНЕСКО-ның құзыретіндегі салаларда халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ халықтардың өзара түсінісуіне, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, мәдениеттің сан алуандығын дамытуға және қолдануға, мәдени мұраларды, дәстүрлі дағдылар мен білімдерді сақтауға және көбейтуге, ақпараттың еркіндігіне жәрдемдесуге бағытталған ЮНЕСКО-ның қызметіне қатысу арқылы адамдардың рухани келісімі мен топтасуына жәрдем көрсету;

      2) ЮНЕСКО-ның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және жекелеген азаматтармен ынтымақтастық жасау;

      3) талап етілетін зияткерлік, ғылыми, әкімшілік және шығармашылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жолымен ЮНЕСКО бағдарламаларын дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік органдардың, мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуын;

      4) ЮНЕСКО-ның мақсаттары, бағдарламалары және қызметі туралы ақпарат тарату;

      5) халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығымен немесе олардың қолдау көрсетуімен жүзеге асырылатын білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар саласындағы бағдарламаларды дайындауға және іске асыруына қатысу;

      6) уақытша немесе тұрақты негізде ЮНЕСКО-да жұмыс істеу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының, ЮНЕСКО-ның Хатшылығы мен оның органдарының арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық комиссиялар үшін көзделген ЮНЕСКО-ның тұрақты консультациялары мен кеңестеріне қатысу;

      8) ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі арқылы басқа да мүше-мемлекеттердің өкілдіктерімен және ЮНЕСКО-ның үкіметаралық органдарымен, комитеттерімен және комиссияларымен ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЮНЕСКО-ның басшы органдарының қызметіне қатысуын қамтамасыз ету;

      9) ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламаларын дамыту және ынтымақтастықтың басым бағдарламаларына қатысуға тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту;

      10) ұлттық деңгейде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы бағдарламаларының барысын бағалауды жүзеге асыру, ЮНЕСКО Хатшылығының сұрау салуы бойынша есептерді, статистикалық сауалнамаларды және өзге де ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;

      11) гүрлі қазақстандық мекемелер жүзеге асыратын ЮНЕСКО-ның бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның өңірлік және халықаралық бағдарламаларына Қазақстан Республикасының қатысу;

      12) ЮНЕСКО басшылық органдарының шешімдері, сондай-ақ маңызды халықаралық форумдар мен кеңестер туралы ақпарат тарату;

      13) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Ислам ынтымақтастық ұйымының мекемесі болып табылатын Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты жасау.

3. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі

      6. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.