Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 110-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы халықаралық шарттар және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелерді іске асыру мақсатында:

      1. Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 110-ө өкімімен
бекітілген

Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдіру.

      3) Қазақстан Республикасының БҰҰ құқық қорғаушы тетіктерімен, оның ішінде Адам құқықтары жөніндегі кеңесімен, Адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссар басқармасымен, әмбебап мерзімді шолуымен, шарттық органдарымен, арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      4) БҰҰ-ның арнайы рәсімдерінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекітуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының БҰҰ әмбебап мерзімді шолуының, шарттық органдарының және арнайы рәсімдерінің ұсынымдарын іске асыруды үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 110-ө өкімімен
бекітілген

Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.