"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |