Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
Мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмысты үйлестіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, хатшы";
көрсетілген өкіммен бекітілген Үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-ө өкімімен бекітілген |
АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - ЕҮК) АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмысты үйлестіру мәселелерін шешуде мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. ЕҮК Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. ЕҮК өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ЕҮК жұмыс органы болып табылады.
5. ЕҮК отырысы жылына кемінде екі рет өткізіледі.
2. ЕҮК міндеті
6. ЕҮК міндеті:
1) Қазақстан Республикасының АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобаларға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға АИТВ инфекциясының, туберкулездің профилактикасы және онымен күрес жөніндегі жобаларды қаржыландыруға арналған өтінімдерді бекіту;
4) жобаларды іске асыруға жауапты халықаралық ұйымдарға бөлінген қаражатты негізгі алушыларды айқындау;
5) халықаралық және басқа да ұйымдар қаржыландыратын АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша жобаларды іске асыруды бағалау;
6) АИТВ инфекциясымен, туберкулезбен күрес саласындағы бағдарламалардың шеңберінде келісілген іс-шараларды әзірлеу үшін жобалар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. ЕҮК ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
7. ЕҮК жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-ө өкіміне қосымша |
АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 05.05.2020 № 64-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға
"АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың қазақстандық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен Бағдарламасы офисінің директоры, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фтизиопульмонология кафедрасының профессоры (келісу бойынша)
"ЖИТС-тен балаларды қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорының президенті
"Санат әлемі" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша)
"Answer" қоғамдық қоры жобасының үйлестірушісі (келісу бойынша)
"Нұр-М" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі (келісу бойынша)
"Қазақстандық туберкулезге қарсы күрес желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы
АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер қауымдастығының өкілі (келісу бойынша)
Қазақстандағы "Халықаралық бағдарламаларға арналған орталықтар" корпорациясы филиалының (ICAP) бас менеджері (келісу бойынша)
"Орталық Азиядағы Жаһандық денсаулықты зерделеу орталығы" корпорациясы филиалының өңірлік директоры (келісу бойынша)
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі мен қылмыс басқармасының ұлттық үйлестірушісі (келісу бойынша)
Орталық Азияда туберкулезге және АИТВ-ға қарсы күрес жөніндегі Centers for Disease Control and Prevention (CDC) бағдарламасының атқарушы директоры (келісу бойынша)
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) туберкулез бойынша өңірлік кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасындағы "Денсаулық үшін серіктестер" (Partners in Health) үкіметтік емес ұйымы өкілдігінің директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасындағы "Адам – адамға" Инк денсаулық сақтау қоры (ХОУП жобасы) өкілдігінің туберкулез және мониторинг және бағалау жөніндегі үйлестірушісі (келісу бойынша)
халықтың осал топтарының өкілі (келісу бойынша)
халықтың осал топтарының өкілі (келісу бойынша)
халықтың осал топтарының өкілі (келісу бойынша)
әлеуметтік мәні бар аурумен ауырған азамат (келісу бойынша)