"Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 127-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 23-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмегі мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 127-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әкімшілік жұмыс департаментінің басшысы (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі".

      Премьер-Министр К. Мәсімов