ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - көрме) өткізу құқығына Астана қаласының қатысуына арналған Халықаралық Керме Бюросына өтінім дайындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған көрмені өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Ұйымдастыру комитеті жұмысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев 2009 жылы 13 қарашада бекіткен көрмені өткізуге Астана қаласының өтінімін жылжыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізсін.
3. Ұйымдастыру комитетінің мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізілсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 8 ақпандағы
№ 19-өкімімен
бекітілген
РҚАО-ның ескертпесі!
Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге
Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚРҮкіметінің 2011.06.24 № 705, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.
Келімбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы орынбасары, төраға
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы министрлігінің жауапты хатшысы,
төрағаның орынбасары
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі,
Иманғали Нұрғалиұлы төрағаның орынбасары
Қазыбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Айдар Қалымтайұлы және сауда министрлігі Сауда комитетінің
төрағасы, хатшы
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы даму және сауда министрі
Орынханов - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Қадесұлы ғылым вице-министрі
Жақсылықов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Тимур Мекешұлы және сауда вице-министрі
Кәкен - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қарлығаш Ғазизқызы спорт министрлігінің Туризм
индустриясы комитетінің төрайымы
Бөкенбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Жақып Құттыбекұлы жаңа технологиялар министрлігінің
Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі
департаментінің директоры
Байбеков - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
салаларын дамыту департаментінің директоры
Қожағапанов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Ерлан Тоқтарханұлы
Құзғанова - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Салтанат Диасқызы даму және сауда министрлігі Сауда
комитеті сыртқы сауда басқармасының
бастығы
Жүнісов - Астана қаласы Сәулет және қала
Сәрсенбек Ендібайұлы құрылысы басқармасының бастығы
Тәйталиев - «Астана қаласы бас жоспарының
Бақтыбай Халықұлы ғылыми-зерттеу жобалау институты»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
директорының орынбасары
Жданова - Қазақстан Республикасының
Татьяна Викторовна Сауда-өнеркәсіп палатасының
вице-президенті (келісім бойынша)
Син - "J&G Consultoria de Ferias S.L.
Валерий Секкиевич Kazakhstan" компаниясының бас директоры
(келісім бойынша)
Корреас Санчес - "J&G Consultoria de Ferias S.L."
Хуан Крузо компаниясының бас консультанты (келісім
бойынша)