"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 125-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 25 тамыздағы
N 125-ө өкімімен  
бекітілген    

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау),ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ

2009 жылғы қараша

2

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы тамыз

3

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы тамыз

4

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы тамыз

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы тамыз

6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), Қаржымині

2009 жылғы тамыз

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы N 24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы тамыз

8

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 513 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы тамыз

9

"Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 204-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АБА бұйрығы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы тамыз

10

"Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

АБА бұйрығы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы тамыз

11

"Интернет желісінің Қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі  N 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АБА бұйрығы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы тамыз

12

Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы

АБА бұйрығы

АБА

2009 жылғы тамыз

13

Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы

АБА бұйрығы

АБА

2009 жылғы тамыз

14

Байланыс желілерінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін байланыс желілеріне және құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

АБА бұйрығы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ІІМ          - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
АБА          - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
               агенттігі
ҰҚК          - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті