Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 N 27-12 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-67 нөмермен тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы "Жайық үні" газетінде және 2007 жылғы 17 мамырдағы "Пульс города" газетінде жарияланған), Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 47-9 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-73 тіркелген, 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Жайық үні" газетінде N 50 және 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Пульс города" газетінде N 50 жарияланған) шешімімен, Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 9-15 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-107 тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдедегі "Жайық үні" газетінде N 30 және 2008 жылғы 31 шілдедегі "Пульс города" газетінде N 31 жарияланған) шешімімен, Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 11-19 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-115 тіркелген, 2008 жылғы 9 қазандағы "Жайық үні" газетінде N 41 және 2008 жылғы 9 қазандағы "Пульс города" газетінде N 41 жарияланған) шешімімен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының:
1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегi – заңмен белгіленген тәртіпте танылған тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайдың меншiк нысанына, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы түрлерiне, сондай-ақ әлеуметтiк қорғаудың басқа да түрлерiне қарамай берiлетiн тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған өтемақы.";
2) 3 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану ақысын төлеудің шектi шығын көлемi отбасының жиынтық табысынан 30%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар, зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетiн азаматтарға, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар күндiз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндiз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 15% көлемiнде белгіленеді.";
3) 16 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"16. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнiндегi шешiм тұрғын жай иесінің (жалдаушы) арызы мен оған тiркелген құжаттары: тұрғын жай иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке куәлiгiнің (төлқұжат) көшірмелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, тұрғын жайға құқық беретін құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып алу-сату немесе жалдау шартты (аренда) және т.б.), техникалық төлқұжат, уәкілдік органнан жылжымайтын мүліктің бары немесе болмауы жөнiнде анықтама (жылына 1 рет), мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат, мүгедекке берілетін медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының сараптама қорытындысы, алдыңғы арыз беру мерзiмiне сәйкес отбасының өткен тоқсанға табыстары жөнінде мәлімет (жинақ кітапшасы немесе зейнетақы мөлшері жөнінде анықтама, жалақы, алимент, шәкіртақы, жәрдемақы, өтемақы туралы анықтамалары) және тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі (алдыңғы жартыжылдыққа) ақысын төлеу бойынша төлем құжаттарының (түбіртектер мен кітапшалар) түпнұсқалары, жалғызбасты тұратындарға жолдасының (зайыбы) неке бұзылғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы куәлік, жалғызбасты аналарға азаматтық хал актілерін жазу бөлімінен N 4 үлгідегі анықтама, әке болуды анықтау туралы куәлігі, жұмыссыз азаматтардың анықтама және еңбек қызметін растайтын құжаттары (жұмыссыздар үшін).
Сонымен қатар, тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларында тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, төлем құжаттары тіркелмейді.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу барысында өтініш білдірген кездегі отбасы құрамының табысы ескеріледі.
Отбасының орташа жиынтық табысы өтініш білдіргенге дейінгі мерзімге отбасының жиынтық табысын айлар санына бөлу арқылы жүзеге асырылады".
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 15 сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы