Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 292-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
      1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

       Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                         2008 жылғы 29 желтоқсандағы
                                         N 292-ө өкімімен бекітілген

     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру
     мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
          нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.08.04. N 111-ө Өкімімен.

Р/с N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2008 жылғы желтоқсан

2

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы қаңтар

3

Мыналарды қамтитын Бюджеттің атқарылу және оларға кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы:
- міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және жүргізу тәртібі;
- қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
- бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу тәртібі;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетелдік валютаны қайта айырбастау тәртібі;
- бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомаларын қайтару және (немесе) есепке алу тәртібі және артық (қате) төленген түсімдер сомаларына бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке алуға арналған қорытындылар нысандарын айқындау;
- мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыру тәртібі;
- азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер жүргізу мен ақша аудару үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұру тәртібі мен мерзімі;
- төлемдер мен ақша аударуды шетелдік валютада жүзеге асыру тәртібі;
- төлемдер мен ақша аударуды ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібі;
- бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі;
- бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібі;
- инкассалық өкімдерді орындау тәртібі;
- мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден өз билігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі;
- уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастыру тәртібі;
- жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігі;
- нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп жасау және беру тәртібі;
- орынсыз пайдаланылған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтару тәртібі;
- кепілді трансфертті Ұлттық қордан республикалық бюджетке тарту тәртібі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген кепілді трансферт сомасының өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған сомасын ағымдағы қаржы жылында пайдалану тәртібі;
- активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп беру тәртібі мен нысандары;
- қарыз алушының кредиттік қабілеті өлшемдерін айқындау тәртібі;
- бюджеттік кредиттер беру тәртібі, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі;
- бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлікті сату және (немесе) мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі;
- бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуының қамтамасыз етілген болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу тәртібі;
- берілген мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды, мемлекет кепілгерлігін және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарызды бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеу және есепке алу тәртібі;
- мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйін мониторингілеу тәртібі;
- жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі;
- концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібі;
- концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындарға өтемақы ұсыну тәртібі;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі;
- концессиялық міндеттемелерге мониторингті жүзеге асыру тәртібі;
- байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу және пайдаланылуын бағалау тәртібі;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық мемлекеттік орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың орташа алынған ставкасын айқындау тәртібі;
- мемлекеттік борыш тәуекелін, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты, мемлекет кепілгерлігі берілген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару тәртібі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында сатып алу тәртібі;
- мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі;
- мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібі;
- кепілгерлік бойынша борышты мониторингілеуді жүзеге асыру тәртібі;
- мемлекет кепілдік берген қарыз және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
- бюджеттік кредит берген кезде мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібі;
- қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей республикалық бюджеттен кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдері;
- жергілікті атқарушы органның республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі нарығына арналған айналым үшін бағалы қағаздарды шығару тәртібі, олардың шарты, көлемі мен нысаналы мақсаты

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

4

Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2009 жылғы қаңтар

5

Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

АШМ

2009 жылғы қаңтар

6

Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлардың және мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

МАМ

2009 жылғы қаңтар

7

Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, бюджеттен артық (қате) төленген соманың қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерін, сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2008 жылғы желтоқсан

8

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бөлу үшін қаржы агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

9

Мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы: Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы жасау ережесі, Бірыңғай бюджеттік сыныптама, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2008 жылғы желтоқсан

10

Бюджетке түсетін түсімдерді бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2008 жылғы желтоқсан

11

Бюджетке түсетін түсімдерді болжамдау әдістемесін бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2008 жылғы желтоқсан

12

2009 жылға арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бекіту туралы

ҚР Қаржымині мен ЭБЖМ бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ЭМРМ

2008 жылғы желтоқсан

13

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, бюджеттен артық (қате) төленген соманың қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерін, сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы

Әкімдіктердің қаулысы

Жергілікті атқарушы органдар

2009 жылғы қаңтар

14

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесін құру, оның құрамы және ол туралы ереже туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

15

Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы қаңтар

16

Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы ақпан

17

"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы сәуір

18

Мемлекеттік тапсырысты әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы қаңтар

19

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржылық құралдар тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

20

"Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

21

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің штат санының лимиттеріне, мемлекеттік мекемелердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы, сондай-ақ суда құтқару қызметтерін мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру

ҚР Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2009 жылғы қаңтар

22

Республикалық және жергілікті деңгейде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу тәртібін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

23

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы

Есеп комитетінің қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

24

Мыналарды қамтитын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптамаға қойылатын талаптарды бекіту туралы:
- бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптамаға қойылатын талаптар;
- концессиялық жобаның, оның ішінде республикалық немесе жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды талап ететін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптамаға қойылатын талаптар

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2009 жылғы қаңтар

25

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ іріктеу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2009 жылғы қаңтар

26

Концессия объектісінің құнын, концессия жобасын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2009 жылғы қаңтар

27

Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

28

Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

29

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

30

Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

31

Ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

32

Сараптамалық бөлімшенің тәуелсіз басшысы туралы ережені бекіту туралы

ҚР Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині, жергілікті атқарушы органдар

2009 жылғы қаңтар

33

Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы ақпан

34

Бюджеттік өтінімді жасау және беру ережесін бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2009 жылғы ақпан

35

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы 1-тоқсан

36

Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы 1-тоқсан

37

Нәтижелерге бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

2009 жылғы 1-тоқсан

38

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЕК, Қаржымині (келісім бойынша)

2009 жылғы 1-тоқсан

39

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінім беру ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы 1-тоқсан

40

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансферт мөлшерін анықтау ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы 1-тоқсан

41

Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

МҚА

2009 жылғы 1-тоқсан

42

Мыналарды қамтитын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы:
- инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібі;
- бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібі;
- техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібі;
- сметалық құнының ұлғайуы болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібі;
- бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу және бағалау

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ

2009 жылғы 1-тоқсан

43

Мыналарды қамтитын концессиялық жобаларды ұсыну, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы:
- республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды ұсыну, қарау, іріктеу мониторингілеу және іске асырылуын бағалау тәртібі;
- мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу тәртібі

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ Қаржымині

2009 жылғы 1-тоқсан

44

Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИСМ, ЭБЖМ

2009 жылғы 1-тоқсан

45

Республикалық немесе жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы 1-тоқсан

46

Үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдіктер беру лимиттерін және мемлекеттің кепілгерліктерін айқындау ережесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы 1-тоқсан

47

Есеп беру тәртібі мен мерзімін және нысанын айқындау ережесін, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ және Қаржыминінің бірлескен бұйрығы

ЭБЖМ, Қаржымині

2009 жылғы 1-тоқсан

48

Бюджеттік кредит берудің орындылығын анықтау ережесін бекіту туралы

ҚР ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2009 жылғы 1-тоқсан

49

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері

2009 жылғы 1-тоқсан

50

Мәслихаттардың тексеру комиссиялары қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын бекіту туралы

Есеп комитетінің қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

51

Мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы

Есеп комитетінің қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

52

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

ҚР Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар

2009 жылғы 3-тоқсан

53

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Орталық атқарушы органдар

2009 жылғы 3-тоқсан

54

Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қараша

55

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2009 жылғы желтоқсан

56

Есепке алу саясатын бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы 4-тоқсан

57

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы 4-тоқсан

58

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы 4-тоқсан

59

Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы 4-тоқсан

60

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы

ҚР Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы 4-тоқсан

61

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтітігінен басқаруды қалпына келтіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2009 жылғы қаңтар

62

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі штат санының лимиттері

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині

2009 жылғы қаңтар

63

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасындағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді бөлу өлшемдерін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині

2009 жылғы қаңтар

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР                    - Қазақстан Республикасы
ЭБЖМ                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
                        бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚА                   - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
                        істері агенттігі
ЕК                    - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
                        жөніндегі есеп комитеті
ҰБ                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
АШМ                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                        министрлігі
БҒМ                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                        министрлігі
МАМ                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                        министрлігі
ИСМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                        министрлігі
ТЖМ                   - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                        министрлігі
Қоршағанортамині      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                        министрлігі
ДСМ                   - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                        министрлігі