Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 260-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 4 қарашадағы N 267-ө Өкімі

      "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің отырысын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 260-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-тармақта "қаражат есебінен" деген сөздерден кейін "1+3+15 форматы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов