Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің отырысын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 260-ө Өкімі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Банктік сәйкестендіру кодтарының құрылымын және Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің қатысушыларын сәйкестендіру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерге өзгерістерді бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2489 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 253-254 (23553) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 6 қарашадағы N 274 (23909) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1771 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының-банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда "Заң газеті" газетінің N 185 (991) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4831 тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 10 тамыздағы N 122 (1151) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 66 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде:
       5-тармақта:
       2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) банктік сәйкестендіру коды - ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банктерді және Қазақстан Республикасы төлем жүйелерінің қатысушылары - ұйымдарды сәйкестендіруге арналған символдардың тізбегі;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығы - банктер мен ұйымдардың жүйеге келтірілген, олардың банктік сәйкестендіру кодтары және басқа деректемелері бар тізбесі.";
       8-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-3. Банкпен, ұйыммен не Ұлттық Банктің еншілес ұйымымен корреспонденттік шот шартын жасағаннан кейін Ұлттық Банк оларға банктік сәйкестендіру кодын және жеке сәйкестендіру кодын береді.
      Банктік сәйкестендіру кодын беруді Ұлттық Банктің банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшесі (бұдан әрі - банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жүргізеді.
      Банкте немесе ұйымда ISO-ның (International Organization for Standartion) 9362: Ваnk Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік сәйкестендіру коды болған кезде, банк немесе ұйым осы банктік сәйкестендіру кодын оны банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығына енгізгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланады. Осындай банктік сәйкестендіру коды латын әліпбиінің сегіз не он бір әріптік-цифрлық символдарынан тұруы мүмкін.
      Банк немесе ұйым ISO-ның (International Organization for Standartion) 9362: Ваnk Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік сәйкестендіру кодын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану туралы өтініш жасаған жағдайда Ұлттық Банк берген банктік сәйкестендіру коды жойылады.
      Банк немесе ұйым өздерінің деректемелері (банктің немесе ұйымның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі) өзгерген кезде бұл туралы он жұмыс күні ішінде растау құжаттарын бере отырып, Ұлттық Банкке жазбаша хабарлайды.
      Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше алынған ақпарат негізінде банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығына өзгерістер енгізеді.
      Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше апта сайын (әрбір бейсенбіде) банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығын банктерге, ұйымдарға және Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелеріне таратуды жүзеге асырады, сондай-ақ оны Ұлттық Банктің сайтына орналастырады. Банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығын жоспардан тыс таратуға рұқсат етіледі.
      Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот ашылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарына хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлайды.
      Техникалық проблемалардың туындауына байланысты осындай электрондық байланыс арналары арқылы корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлауға мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
       8-3-1-тармақ алынып тасталсын;
       1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық  
Банкімен банктердің, сондай-ақ   
банк операцияларының жекелеген   
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
арасында корреспонденттік қатынастар
орнату жөніндегі ережелерге 1-қосымша

Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы

      1. Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы сегіз әріптік-цифрлық разрядтан тұрады, мұндағы:
      1) бірінші, екінші, үшінші және төртінші разрядтар - банктің банк атауының төрт әріптік символынан тұратын бірегей коды. Банктің оның құрылтай құжаттарында көрсетілген атауына сәйкес келетін қысқартылған атауы пайдаланылады және латын әріптерімен белгіленеді. Банктің бірегей коды банкпен келісім бойынша беріледі;
      2) бесінші және алтыншы разрядтар - елдің коды. Қазақстан Республикасының халықаралық коды - KZ пайдаланылады;
      3) жетінші және сегізінші разрядтар - банк орналасқан жердің (қала, аймақ) әріптік-цифрлық символынан тұратын коды. Жетінші разряд Алматы қаласында орналасқан банктер үшін "К" мәнін, Қазақстанның аймақтық банктері үшін "2" мәнін қабылдайды, сегізінші разряд аймақ немесе қала ішіндегі қосымша бөлімшені айқындайды және "0" және "1" цифрлары мен "О" әрпін қоспағанда, кез келген мәнді қабылдай алады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 қаулысымен.
       2. Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енгізілетін 3-тармағын қоспағанда осы қаулы 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 қаулысымен.
       3. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - банктер)
      1) 2009 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
      ISO-ның (International Organization for Standartion) 9362: Ваnk Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік сәйкестендіру кодын оны 2010 жылғы 7 маусымға дейін төлем және өзге құжаттарда нақты пайдаланбастан банктік сәйкестендіру кодтарының анықтамалығына енгізу туралы өтініш;
      осы қаулыда көзделген банктік сәйкестендіру кодының құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодын оны 2010 жылғы 7 маусымға дейін төлем және өзге құжаттарда нақты пайдаланбастан беруі туралы өтініш ұсынсын;
      2) 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде банктің операциялық рәсімдерін айқындайтын ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу және осы қаулыда көзделген банктік сәйкестендіру кодының құрылымына көшуді жүзеге асыру мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау жөніндегі дайындық іс-шараларын жүргізсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 қаулысымен.
      4. Үшінші тұлғалардың клиенттердің банкте сақтаулы банк шоттарынан ақша алу туралы және клиенттің банк шотына ISO-ның (International Organization for Standartion) 9362: Ваnk Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес келетін банктік сәйкестендіру кодын пайдалануға көшкенге дейін ұсынылған нұсқауларын банктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2010 жылғы 7 маусымнан бастап, банктердің осы құжаттарда көрсетілген банктік сәйкестендіру кодтарын дербес өзгерту мүмкіндігімен орындайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.25 N 91 қаулысымен.
       5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ресей Федерациясындағы өкілдігіне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

      Ұ лттық Банк
      Төрағасы                                         Ә.Сәйденов