Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 240-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  6-бабының 1-тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріске байланысты  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық соты құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы, Әділет министрі, Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттың төрағасы мен судьялары лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі шараларды заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы соттың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар берсін.

      3. Маңғыстау облысының әкімі 2007 жылғы 1 қазанға дейін осы Жарлыққа сәйкес құрылатын сотқа ғимарат бөлуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті