Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 28 қыркүйектегi N 284-ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 317-ө Өкімі

 Қазақстан Республикасының     
Президент мен Үкімет актілерінің 
жинағында жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 528  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 599-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Жарғысының 22-тармағында "құрамына" деген сөзден кейін "лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті