Салауатты өмір салтын қалыптастыруға кешенді көзқарас жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 225-ө Өкімі

      Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 274  қаулысына   (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3190 тіркелген, 2005 жылы 12 тамызда "Заң газеті" газетінде жарияланған) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 308  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3849 тіркелген) енгізілген толықтырумен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесінде:

      3-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "негізгі" деген сөз алып тасталсын;

      4-тармақтың үшінші абзацындағы "жинақтаушы сақтандыру" деген сөздер "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "негізгі" деген сөз алып тасталсын;

      6-тармақта:
      3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) жинақтаушы сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушының талабы бойынша өзге де құжаттарды береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Заем бойынша берешек сомасына заемның мәні болып табылатын ақша сомасы, заем бойынша сыйақы және мұндай болған жағдайда - заем бойынша өсімпұл жатады.
      Сақтанушы заем сомасын және/немесе ол бойынша сыйақыны өтеуді заем шарты бойынша берешек сомасын өтеу қолданылу мерзімі ішінде кез келген сәтте жүзеге асырады. Жақтар заем шартына сәйкес заем сомасын өтеу кестесін құрады.";

      10-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "негізгі" деген сөз алып тасталсын; 

      11-тармақтағы "Оны қолдану кезеңінің соңында сақтанушыға төлеуге тиісті" деген сөздер алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "12. Егер заем шарты бойынша берешек сомасы сатып алу сомасының мөлшеріне жетсе, онда сатып алу сомасының және жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері нөлге тең болып есептеледі. Сақтандырушы сақтанушыға бұл туралы сатып алу немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының азаю күніне дейін отыз күнтізбелік күннің ішінде хабарлайды.
      Сақтанушы төлеген ақша сомасы төмендегідей тәртіппен:
      1) заем шартының талаптарына сәйкес заем бойынша өсімпұл өтеу шотына (мұндай болған жағдайда);
      2) заем шартының талаптарына сәйкес заемдар бойынша сыйақы  өтеу шотына;
      3)  заем шартының талаптарына сәйкес заемның негізгі сомасын өтеу шотына;
      4) жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру жарнасы шотына есепке алынады."; 

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Егер сақтанушы төлеген ақша сомасы жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес (осы Ереженің 12-тармағында белгіленген есепке алу тәртібіне сәйкес) сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлеуі үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімін кейінге қалдыру салдарлары басталады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

                  Төраға