Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкiмiне өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 13 наурыздағы N 53-ө Өкімі

      Қазақстан-украин қарым-қатынастарын одан әрi нығайту және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ

       2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы

      Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мен байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президентi мен Украина Президентi кездесулерiнiң барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды орындау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. 2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiн құрсын және көрсетiлген iс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi