Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкiмiне өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 14 қарашадағы N 318-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкiмiне мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 6-жолдың 5-бағанының 1) тармақшасындағы "2005 жылғы шiлде" деген сөздер "2007 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр