Жалгерлiк үйлердi ұйымдастыру және тұрғын үйдiң жалгерлік секторын дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 130-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 28-жолдағы 17), 18) тармақшалар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 43-жол алынып тасталсын.

      Премьер-Министр