2005-2006 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 94-ө Өкімі

     Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру мақсатында:

     1. Қоса беріліп отырған 2005-2006 жылдар кезеңінде республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі бекітілсін.

     2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Премьер-Министрінің
                                        2005 жылғы 18 сәуірдегі
                                             N 94-ө өкімімен
                                                бекітілген

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.21. N  603 қаулысымен. 

          2005-2006 жылдары кезеңінде республикалық
деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің
                         тізбесі

р/с
N

Мерейтойлар
мен атаулы
күндердің
атауы

Аяқтау
нысаны

Орындалуына
жауаптылар

Орындау
мерзімі

1.

Мәди
Бәпиұлының
125 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Қарағанды
облысының әкімі

2005 жыл

2.

Евгений
Брусиловский-
дің
100 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Астана қаласының, Ақтөбе облысының әкімде-
рі, Қазақстан
Жазушылар одағы
(келісім бойынша)

2005 жыл

3.

Құрманбек
Жандарбе-
ковтың
100 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Оңтүстік Қазақстан
облысының әкімі

2005 жыл

4.

Қанабек
Бәйсейітов-
тің
100 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Алматы
облысының әкімі

2005 жыл

4-1      

Райымбек
батырдың  
300 жылдығы  

Үкiмет 
қаулысы

ҚР МАСМ, Алматы облысының, Алматы
және Астана қала- ларының әкiмдерi

2005 жыл

5.

Латиф
Хамидидің
100 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Алматы қаласының, Ақтөбе облысының әкімде-
рі, Қазақстан
композиторлар
одағы (келісім
бойынша)

2006 жыл

6.

Ахмет
Жұбановтың
100 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Ақтөбе облысының әкімі,
Қазақстан
композиторлар
одағы (келісім
бойынша)

2006 жыл

7.

Иван
Шуховтың
100 жылдығы

Үкімет
қаулысы

ҚР МАСМ, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе
облыстарының
әкімдері,
Қазақстан
Жазушылар одағы
(келісім бойынша)

2006 жыл

     Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
     ҚР МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі