"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 292-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 533  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 146-құжат):
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау.";
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі