Алматы қаласында Қазақстан-Ресей кәсiпкерлер форумын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 236-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408  қаулысына сәйкес және азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Астана қаласы сотының 2003 жылғы 27 қаңтардағы "Харрикейн Ойл Продактс" ашық акционерлiк қоғамының пайдасына шығарылған шешімiн орындау үшін 19550000 (он тоғыз миллион бес жүз елу мың) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі