"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жыл

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 225-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Парламенті Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының асханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi тиiстi жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау болып белгіленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оны әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы