Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 289-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 116-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 31 қазандағы Қазақстан кәсіпкерлерінің ХІ форумында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 289-ө  өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 31 қазандағы Қазақстан кәсіпкерлерінің ХІ форумында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 2.4-жолдың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      Премьер-Министр