"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу жөнiндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 74-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрiнiң мiндетiн атқаруды Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң төрағасына жүктеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі