"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 61-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Социалистік Халық Ливия Араб Жамахириясында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Ұлы Социалистік Халық Ливия Араб Жамахириясында Қазақстан
Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі салалардағы Қазақстан-Ливия ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Триполи қаласында (Ұлы Социалистік Халық Ливия Араб Жамахириясы) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті