Қазақстан Республикасында ғарыш саласын дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 40-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен

      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 26-ө өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Шойынбаев                  - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Мәлік Өлмесұлы               Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі
                             (келісім бойынша)

Парусимова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Любовь Ивановна              министрлігінің Мемлекеттік органдарды
                             қаржыландыру департаменті директорының
                             орынбасары

      Премьер-Министр