Республикалық ақпараттық-маркетингтiк орталықтар желiсiн құру және оны Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы желiсiне кiрiктiру бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Қазақста Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы N 1-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
      "Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8 бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылдың 1 наурызына дейiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi