"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 310-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі  Заңына  және "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832  қаулысына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қаржы органдарында жергілікті бюджеттердің орындалуын бухгалтерлік есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 288  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 тамызда N 590 тіркелді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - N 858 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "Қаржы органдарында" деген сөздер "Жергілікті уәкілетті органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі нұсқаулықта:
      бүкіл мәтін бойынша:
      "қаржы органдары", "қаржы органының", "қаржы органдарына", "қаржы органдарында", "қаржы органдарының", "қаржы органының", "қаржылық орган", "қаржы органдарындағы", "қаржы органына", "қаржы органында", "қаржы басқармасының", "қаржы басқармаларының", "қаржы бөлімдерінің", "қаржылық басқармаларының" деген сөздер "жергілікті уәкілетті органдар", "жергілікті уәкілетті органның", "жергілікті уәкілетті органдарға", "жергілікті уәкілетті органдарда", "жергілікті уәкілетті органдардың", "жергілікті уәкілетті орган", "жергілікті уәкілетті органдардағы", "жергілікті уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қаржылық рұқсаттар", "қаржылық рұқсатты", "қаржылық рұқсат", "қаржы рұқсатын", "қаржы рұқсатының" деген сөздер "рұқсаттар", "рұқсатты", "рұқсат", "рұқсаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бюджет кірістері мен шығыстарының жылдық тізімдемесі", "бюджеттің жылдық жазбасы" деген сөздер "жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сметасының", "бюджет бойынша шығыстар сметасының", "шығыстар сметасының" деген сөздер "қаржыландыру жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "лимиттерге басты билік етушілердің", "лимиттерді бас таратушының", "лимиттердің әрбір бас таратушысы", "лимиттердің бас таратушыларынан", "қаржыландыру лимиттерін таратушысы", "лимиттерді таратушыларға", "лимиттердің бас таратушысына", "лимиттерді таратушылардың", "лимиттердің бас таратушысының" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің", "бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің", "бюджеттік бағдарламалар әкімшісі", "бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен", "бюджеттік бағдарламалар әкімшісі", "бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне", "бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(қарыз ақша)", "(қарыз ақшалар)", "(қарыз ақшаларды)", "(қарыз ақшаға)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күші бар Жарлығын" деген сөздер "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінінде "нормативтік" деген сөз өзгеріссіз қалсын;

      6-тармақтың үшінші абзацында "қаржыландыру мөлшерінің өзгерістері туралы хабарлама-анықтамалар" деген сөздер "түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар, міндеттемелер (төлемдер) жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама;";
      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "міндеттемелер (төлемдер) жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама;
      рұқсаттар;";
      бесінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      жетінші абзацта "кірістерді қайтару туралы қорытынды (N 21-нысан)" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізінші абзац "немесе ақы төлеуге шот" деген сөздермен толықтырылсын;
      он тоғызыншы абзацта "жергілікті" деген сөз алынып тасталсын;
      жиырмасыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазынашылықтың аумақтық органдары Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) жұмыс істейтін жергілікті уәкілетті органдар үшін:
      түсімдерді жинау жөніндегі күн сайынғы есеп (N 2-15 н.);
      жылдың басынан бастап түсімдерді жинау жөніндегі есеп (N 2-16 н.);
      түсімдерді күн сайын бөлу тізімдемесі (N 2-19 н.);
      бюджеттен түсімдерді салық төлеушілерге қайтару (N 2-29 н.);
      кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында түсімдердің ауысуы (N 2-30 н.);
      салық органдары арасында түсімдердің ауысуы (N 2-31 н.);
      шығыстар бойынша жиынтық есеп (N 4-20 н.);.";

      13-тармақта:
      үшінші абзац алынып тасталсын;

      кестеде 24-тармақта:
      "Екінші реттегі шоттардың атауы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жетіспеушіліктер жөніндегі есеп айырысу";
      "06 Есеп айырысулар 061 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетімен өзара есеп айырысу" деген жолда:
      "062 "Жергілікті бюджеттермен өзара есеп айырысу" деген жол алынып тасталсын;
      "07 Берілген және алынған қаражаттар, 071 Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен берілген және алынған қаражаттар және 072 Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар" деген жол алынып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. N 011 "Жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк (арнайы) шоты" шотына мыналар:
      мыналардан:
      салық, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімінен;
      салыққа жатпайтын түсімдерден;
      капиталмен жасалатын операциялардан алынған кірістерден;
      мыналардан:
      жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттерден алынған ресми трансферттерден;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін мақсатты трансферттерден;
      жергілікті бюджеттен берілген кредиттерді қайтарудан тұратын жергілікті бюджеттердің кірістері есептеледі.
      N 011 "Жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк (арнайы) шоты" шотынан:
      мыналарды:
      жергілікті деңгейде мектепке дейінгі, бастауыш жалпы, негізгі жалпы білім беруді, сондай-ақ орташа жалпы, орташа кәсіби және қосымша білім беруді;
      жергілікті деңгейде арнайы білім беру бағдарламаларын;
      әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шараларды;
      жергілікті деңгейде төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды;
      жергілікті деңгейде құқық қорғау қызметін;
      жергілікті деңгейде кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін;
      жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;
      заң актілеріне сәйкес жергілікті бюджеттен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алатын азаматтардың санаттарына осы жәрдемақыны;
      жергілікті деңгейде әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекті;
      еңбекпен қамту бағдарламасын;
      тұрғын үй көмегін көрсетуді;
      мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруды;
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді;
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік қажеттілік үшін тұрғын үй мен жер учаскелерін алып қоюды;
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес апатты және тозығы жеткен тұрғын үйді бұзуға;
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес республиканың сейсмоқауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердің сейсмотұрақтылығын қолдауға бағытталған іс-шараларды;
      жергілікті деңгейде мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметті;
      жергілікті деңгейде өнеркәсіпті, көлік пен объектілердің құрылысын;
      жергілікті атқарушы органдар жүргізетін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды;
      жергілікті деңгейде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
      елді мекендерді абаттандыруды, елді мекендердің жолдары мен көшелерін пайдалануды және салуды;
      жергілікті маңызы бар жолдарды пайдалануды, салуды және қайта жаңартуды;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және сарқынды суларды тазарту жөніндегі іс-шараларды;
      Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламаларын;
      жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттерден және төмен тұрған бюджеттерге жоғары тұрған бюджеттен берілетін ресми трансферттерді;
      жергілікті бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттерді;
      жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсетуді;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін мақсатты трансферттердің есебінен іске асырылатын өзге бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жергілікті бюджеттердің қаражатын жұмсау жүргізіледі.
      Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттерге артық немесе қате енгізілген салық, алымдар мен міндетті төлемдерді қайтару жағдайларын қоспағанда, жергілікті бюджеттің бюджеттік шотынан (негізгі) қолма-қол ақша беруге жол берілмейді.
      Бөлуге қол жетімді қаражаттың бос қалдықтары туралы ақпаратты алу үшін Қазынашылықтың банктік автоматтандырылған жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органдарынан тиісті жергілікті уәкілетті органдар алатын күн сайынғы 115 "Бос қалдықтың қозғалысы жөніндегі ведомость" нысанын және облыстық, Алматы қаласының жергілікті уәкілетті органдары 116 "Жергілікті уәкілетті органдардың шоттарындағы бос қалдықтардың жиынтық ведомосы" нысанын пайдалану қажет.";

      27-тармақта:
      үшінші абзацта "өзара есептер," деген сөздер алынып тасталсын;
      жетінші абзацта "1-күніне" деген сөздерден кейін "ҚБАЖ жүйесінде жұмыс істейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
      он екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ҚБАЖ жүйесінде жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органдары жергілікті уәкілетті органдарға:
      N 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысанын;
      N 5-20 "Банктік шоттан көшірме" нысанын береді.";

      28-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық және жергілікті бюджеттер арасында кірістерді бөлу "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және басқа заң актілерінде белгіленген нормативтерге сәйкес жүргізіледі.";
      төртінші және бесінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы және жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстық уәкілетті органдар облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында кірістерді бөлу нормативтерін мәслихат сессиясында облыстық бюджетті бекіткеннен кейін ведомость түрінде облыстық Қазынашылық басқармаларына береді. Егер тиісті қаржы жылы басталғанға дейін облыстық бюджеттер бекітілмеген жағдайда онда бөлу алдыңғы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешімінде белгіленген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жүргізіледі.";
      "Қазынашылықтың аумақтық органы кірістерді бөлу нормативтері бойынша облыс бюджетіне түсетін іс жүзіндегі түсімдерді облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында бөлуді жүргізеді.";
      сегізінші және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
      оныншы және он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мәслихаттың шешіміне сәйкес облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттері арасында кірістерді бөлу нормативтерін өзгерткен кезде Қазынашылықтың облыстық басқармасы нормативтік-құқықтық анықтамаға кейіннен өзгерістер енгізу үшін облыстық уәкілетті орган ведомостқа өзгерістер енгізеді.
      Қаржы жылының ішінде кірістерді облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттері арасында кірістерді бөлу нормативтері өзгерген жағдайда кірістерді жергілікті бюджеттер деңгейлері арасында қайта есептеу қаржы жылының басынан бастап жүргізіледі.
      Аумақтық салық органдары арасында артық төленген, қате немесе бюджетке дұрыс емес түскен соманы қайтару, бюджет кірістері сыныптамасының бір кодынан екіншісіне ауыстыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен аумақтық салық органдарының қорытындысы мен төлем құжатының негізінде жүргізіледі.";
      он екінші абзацта "н. 042" деген сөзден кейін немесе "Түсімдерді күн сайын бөлу ведомосы" N 219 нысанының" деген сөздермен толықтырылсын;
      он алтыншы абзацта:
      "кейін" деген сөзден кейін "ҚБАЖ жүйесінде жұмыс істейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(041 н., 043 н., 041-Р н.)" деген сөздер "(041 н., 042 н.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "есептерді" деген сөзден кейін "АҚБЖ жүйесінде жұмыс істейтіндер (N 2-15 н., N 2-16, N 2-19 н.)" деген сөздермен толықтырылсын;
      он жетінші абзацта "н. 041" деген сөздерден кейін "немесе н. N 2-19" деген сөздермен толықтырылсын;

      29-тармақта:
      бірінші, екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
      бесінші абзацта "Қазынашылық органдары" деген сөздердің алдынан "ҚБАЖ жүйесінде жұмыс істейтін" деген сөздермен толықтырылсын";
      мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "АҚБЖ жүйесінде жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органдары жергілікті уәкілетті органдарға:
      н. N 2-29 "Бюджеттен түсімдерді салық төлеушілерге қайтару";
      н. N 2-30 "кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында түсімдерді ауыстыру";
      н. N 2-31 "Салық комитеттері арасында түсімдерді ауыстыру";

      31-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы шотта бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу қаражатының түсімі жөніндегі операциялар есептеледі.";
      екінші абзацта:
      "шаруашылық субъектілері мен ерекше деңгейдегі банктерден" деген сөздер "қарыз алу қаражатын қайтарудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шаруашылық субъектілері мен ерекше деңгейдегі банктер қайтарған сомалар" деген сөздер "қарыз алу қаражатын қайтару сомалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. N 051 шотта облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен алған бюджеттік кредиттері ескеріледі. Кассалық алшақтықты жабуға республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне (облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне) бөлінген кредиттерді белгіленген мерзімде өтемеген жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган (облыс әкімі) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшін тиісті жергілікті бюджеттің ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатуға құқықты.";

      33-тармақта:
      бірінші және екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "N 052 шотта кассалық алшақтықты жабуға облыстық бюджеттер аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берген бюджеттік кредиттер ескеріледі.
      Қалалардағы аудандарды қоспағанда, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) жергілікті атқарушы органдары кассалық алшақтықты жабуға облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқықты. Кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу қаржы жылының шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.";
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      төртінші абзацта "Берілген" деген сөзден кейін "кредиттердің" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Есеп айырысу N 06 шоты" деген бөлім мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
      "Жетіспеушіліктер жөніндегі есептеулер N 061 шоты";

      34-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "34. Осы шотта белгіленген тәртіппен өтеуге жататын жетіспеушіліктердің, ақша қаражатын ұрлау сомасы есептеледі.
      N 061 шоттың дебетіне жергілікті бюджеттің бюджеттік шотында анықталған жетіспеушіліктердің, ақша қаражатын ұрлау сомасы жатқызылады, бұл ретте N 061 "Жергілікті бюджеттің бюджеттік (негізгі) шоты" шотына кредит беріледі.
      Жергілікті бюджеттің шығыстарына жетіспеушіліктердің, ақша қаражатын тонаудың анықталған сомасын есептен шығару кезінде N 020 "Жергілікті бюджеттің шығыстары" шотының дебеті және N 061 шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";

      35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45-тармақтар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетімен өзара есеп айырысу" N 061 шоты", "Жергілікті бюджеттермен өзара есеп айырысулар" N 062 шоты" деген тараулар және 46, 47-тармақтар алынып тасталсын;
      "Берілген және алынған қаражат" N 07 шоты" деген бөлім, "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетіне берілген және одан алынған қаражат N 071 шоты", "жергілікті бюджеттерге берілген және олардан алынған қаражат N 072 шоты" деген тараулар алынып тасталсын;

      52-тармақта:
      "бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулардың", "Басқа бюджеттермен өзара есеп айырысулар және", "өзара есеп айырысулар" деген сөздер алынып тасталсын;

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "53. N 090 шоты жергілікті бюджеттердің атқарылуы нәтижелерін анықтауға арналған. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін осы шотта кірістер мен шығыстардың сомасы көрсетіледі. Нәтижелер жылдың аяғында N 090 шоттың кредитіне N 040 "Бюджет кірістері" шоты бойынша қалдықты, N 090 шоттың дебетіне N 020 "Бюджет шығыстары" шоты бойынша қалдықты есептен шығару жолымен анықталады.
      Бюджеттің кірістері мен шығыстарын "Бюджеттің орындалу нәтижелері" шотына есептен шығарғаннан кейін "Бюджет кірістері", "Бюджет шығыстары" шоттары жабылады.
      N 090 "Бюджеттің орындалу нәтижелері" шоты бойынша алынған кредиттік қалдық жергілікті бюджетті орындау нәтижелері болып табылады, ол бюджетке жатқызылған қаражат бөлігінде N 011, 019 баланс шоттары бойынша қалдықтарға сәйкес келуі тиіс.
      Барлық бухгалтерлік жазбаларды жүргізгеннен кейін қорытынды айналымдарға дейін және кейін баланс жасалады.";

      54-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджет қаражатының қалдықтары, қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары қаржы жылының ішінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі борышын өтеуге пайдаланылуы мүмкін.
      Ағымдағы қаржы жылында жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жөніндегі міндеттемелер болмаған жағдайда бюджет қаражатының қалдықтары мәслихаттың жергілікті бюджетті нақтылау туралы шешімінің негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.";

      55-тармақ алынып тасталсын;

      60-тармақта:
      бірінші абзацта "күн сайын" деген сөзден кейін "АҚБЖ" жүйесінде жұмыс істейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "АҚБЖ жүйесінде жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органдары":
      N 2-15 "Түсімдерді жинау жөніндегі күн сайынғы есеп" нысаны;
      N 2-29 "Бюджеттен түсімдерді салық төлеушілерге қайтару" нысаны;
      N 2-30 "Кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында түсімдерді ауыстыру" нысаны;
      N 2-31 "Салық комитеттері арасында түсімдерді ауыстыру" нысаны.";
      Қаржылық рұқсат (1ЖББ нысаны немесе 1ЖБЕ нысаны) тарауының атауы "Рұқсат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      61-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен және нысан бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.";
      екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
      жетінші абзацта "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацта "бөлінген бюджеттік жәрдемақылар" деген сөздер "берілген алдын ала рұқсаттың сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзацта "бюджеттік жәрдемақылар лимитінің" деген сөздер "ағымдағы рұқсаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бірінші абзацта "рұқсат етілген лимиттер" деген сөздер "рұқсаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он бесінші абзацта:
      "бөлім" деген сөз "құрылымдық бөлімше" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бастығының" деген сөздер "басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қаржы рұқсаты (1ЖББ-СУБВ нысаны немесе 1ЖБЕ-СУБВ нысаны)" деген тарау және 62-тармақ алынып тасталсын;

      63-тармақта:
      ", өзара есеп айырысу" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Қазынашылықтың аумақтық органдары АҚБЖ жүйесінде жұмыс істейтін аумағында төлем тапсырмасының орнына Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен ақы төлеуге шот пайдаланылады.";

      "Өзара есеп айырысулар жөніндегі хабарлама (N 11 нысан)" және 64-тармақ алынып тасталсын;

      65-тармақтың екінші абзацында "жоғарыдағы қаржы органы қабылдаған" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Басқа бюджеттермен өзара есеп айырысулар кітабы (N 4-н нысаны)" деген тарау және 67-тармақ алынып тасталсын;

      Нұсқаулыққа 1-қосымшада:
      1ЖБЕ нысан (1ЖБЕ-СУБВ нысан) "Қаржылық рұқсат" алынып тасталсын;
      1ЖББ нысан (1ЖББ-СУБВ нысан) "Қаржылық рұқсат" алынып тасталсын;
      "N 062 шот", "N 071 шот", "N 072 шот" бағанының N 1-нысанында:
      N 4-н "Басқа бюджеттермен есеп айырысу кітабы" нысаны алынып тасталсын;
      N 11-н "Өзара есеп айырысулар бойынша хабарлама" нысаны алынып тасталсын;

      Нұсқаулыққа 2-қосымшада:
      Жергілікті бюджеттердің атқарылуының негізгі операциялары жөніндегі шоттардың корреспонденциясында:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
      "3-1 Жетіспеушіліктердің, ақша қаражатын ұрлау сомасын жергілікті бюджеттердің шығыстарына есептен шығару 020 061";
      ІІІ бөлімде:
      Атауында ІІІ "Өзара" деген сөз алынып тасталсын;
      "Республикалық бағыныстан жергілікті бағынысқа берген кезде" деген бөлімнің тарауы және реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтар алынып тасталсын;
      "Ұйымдарды бір жергілікті бағыныстан екінші жергілікті бағынысқа берген кезде" деген бөлімнің атауы, "Берген қаржы органының балансы бойынша" деген тарау және реттік нөмірлері 17, 18-жолдар алынып тасталсын;
      "Қабылдайтын қаржы органының балансы бойынша" деген бөлімнің тарауы және реттік нөмірлері 19, 20-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
      "Жетіспеушіліктер жөніндегі есеп айырысулар";
      реттік нөмірлері 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "21 Анықталған жетіспеушіліктердің, ақша қаражатының сомасы 061 011";
      22 Жетіспеушіліктерді, ақша қаражатын ұрлауды өтеуге жергілікті бюджеттің бюджеттік шотына соманың түсуі 011 061";
      ІV "Субвенциялар мен бюджеттік несиелер бойынша операциялар" деген бөлімінің реттік нөмірлері 27 және 32-жолдары алынып тасталсын;
      V "Шоттардың жылдық қорытындысы бойынша операциялар" деген бөлімде реттік нөмірі 33-жолдың б), в), д), е) тармақтары алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр