"Қазақстан Республикасының инвестициялар мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 251-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192  өкiмiне мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Yкiметi кесiмдерiнiң тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 20-жолдың "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмiмен реттелуге жататын қатынастар" деген бағанының 4) тармақшасы "Мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздерден кейiн "өзге мемлекеттiк" деген сөздермен толықтырылсын.

       Премьер-Министр