Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192-ө өкiмiне толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Респбликасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 250-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192  өкiмiне мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Yкiметi кесiмдерiнiң тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 20-жолдың "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмiмен реттелуге жататын қатынастар" деген бағанының 4) тармақшасы "Мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздерден кейiн "өзге мемлекеттiк" деген сөздермен толықтырылсын.

       Премьер-Министр