"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 194-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерінің тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттік органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

      3. Мемлекеттiк органдар алты ай мерзiмде "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыруға тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкiметтi хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2003 жылғы 29 тамыздағы 
N 194 өкiмiмен     
бекiтiлген       

Қоса беріліп отырған "Акционерлiк қоғамдар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
қабылдануы қажеттi Қазақстан Республикасының Yкiметi
кесiмдерiнiң тiзбесi

___________________________________________________________________
N  | Қазақстан Республикасы  | Жауапты мемлекеттiк | Yкiметке
   | Yкіметінің кесiмiмен    | органдар            | енгiзу
   | реттеуге жататын        |                     | мерзiмi
   | қатынастар              |                     |
___________________________________________________________________
1. Акционерлiк қоғамдардың    Ұлттық Банкi          2003 жылғы
   үлгілік жарғысы            (келiсiм бойынша),    желтоқсан
                              ҚарМ

2. Мемлекеттiк акциялар       ҚарМ                  2003 жылғы
   пакетiн иелену және                              желтоқсан
   пайдалануды жүзеге
   асыратын мемлекеттiк
   органдар мемлекеттiң,
   Қазақстан Республикасы
   Үкiметiнiң және (немесе)
   мемлекеттік меншікке иелiк
   етуге уәкiлеттi
   мемлекеттiк органның
   қатысуымен акционерлердің
   жалпы жиналысында қабылдау
   үшiн ұсынылатын шешiмдер
   жобалардың алдын ала
   жазбаша келiсуiн
   қамтамасыз етуге мiндеттi
   мәселелердің тiзбесi

3. Жекешелендiруге жатпайтын  ҚарМ                  2003 жылғы
   мүліктерді ұлттық                                желтоқсан
   компанияларға берудің
   шарттары мен тәртiбi

4. Ұлттық компаниялар тiзбесi ҚарМ                  2003 жылғы
                                                    желтоқсан
___________________________________________________________________