Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 153-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі