Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 шілдедегі N 146-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192  өкiмiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметi кесiмдерiнің тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 15-жолда "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын.

       Премьер-Министр