Қазақстан Республикасының Жер кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 143-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Жер кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Жер кодексін іске асыруға тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және қабылдаған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 143-ө өкімімен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының Жер кодексін
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
Қазақстан Республикасының Үкіметі
кесімдерінің тізбесі

__________________________________________________________________
N   | Қазақстан Республикасы          |   Орындалу   | Жауапты
р/с | Үкіметінің нормативтік          |   мерзімі    | орындаушы
    | құқықтық кесімдерінің
    | атауы
__________________________________________________________________
1                2                         3               4
__________________________________________________________________
1    Қазақстан Республикасы              2004 ж.,       ЖРА, 
     Президентінің "Қоршаған ортаны      қазан          АШМ,
     қорғау жөніндегі басқа да                          ҚОҚМ
     іс-шаралармен кешенді түрде
     жерді ұтымды пайдалану, топырақ
     құнарлығын сақтау және арттыру,
     жер ресурстарын қорғау жөніндегі
     Мемлекеттік бағдарлама туралы"
     Жарлығының жобасы туралы
2    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы       2003 ж.,       ЖРА,
     жер телімдерінің                    қыркүйек       АШМ
     әкімшілік-аумақтық бірліктері
     бойынша жеңілдікті бағаның
     мөлшерін бекіту туралы
3    Жер телімдері жеке меншікке         2003 ж.,       ЖРА,
     берілген кезде, мемлекет немесе     қыркүйек       АШМ
     мемлекеттік жер пайлананушылар
     жалға берген кезде олар үшін
     төлемақының базалық ставкаларын,
     сондай-ақ жер телімдерін жалға
     беру құқығын сату үшін
     төлемақы мөлшерін бекіту туралы
4    Қызметтік жер үлесіне құқығы бар    2003 ж.,       ЖРА,
     қызметкерлер санаттарының           қыркүйек       АШМ
     тізбесін бекіту туралы
5    Жер теліміне меншік құқығына        2003 ж.,       ЖРА
     және жерді пайдалану құқығына       қыркүйек
     берілетін құжаттардың нысандарын
     бекіту туралы
6    Жер теліміне немесе жер теліміне    2003 ж.,       ЖРА
     жалдау құқығын сату бойынша         қыркүйек
     сауда-саттық (конкурстарды,
     аукциондарды) өткізу және
     ұйымдастыру тәртібін бекіту
     туралы
7    Ауыл шаруышылығы мен орман          2003 ж.,       ЖРА,
     алқаптарын алып қоюдан туындаған    қыркүйек       АШМ
     ауыл және орман шаруашылығы
     өндірісі шығындарын өтеу әрі
     ауыл шаруашылығы мен орман
     шаруашылығын жүргізумен
     байланысты емес мақсаттарда
     оларды пайдалану нормативтерін
     және жердің құнарлы қабатын
     өнімділігі аз немесе өнім
     бермейтін алқаптарда салу
     кезінде ауыл шаруашылығы
     өндірісінің шығындарын өтеу
     тәртібін бекіту туралы
8    Жерді пайдалану мен оның            2003 ж.,       ЖРА,
     қорғалуын мемлекеттік бақылауды     қыркүйек       АШМ,
     жүзеге асыру тәртібін бекіту                       ҚОҚМ
     туралы
9    Мемлекеттік жер кадастрын           2003 ж.,       ЖРА,
     жүргізу тәртібін және жер           қыркүйек       ҚОҚМ
     телімдеріне кадастрлық нөмірлер
     қалыптастыру мақсатында
     облыстарға, республикалық маңызы
     бар қалаларға, аудандарға және
     облыстық (аудандық) маңызы бар
     қалаларға берілетін кодтардың
     тізбесін бекіту туралы
10   Жер мониторингін жүргізу және       2003 ж.,       ЖРА,
     оның деректерін пайдалану           қыркүйек       ҚОҚМ
     тәртібін бекіту туралы
11   Ерекше қорғалатын табиғи            2003 ж.,       ЖРА,
     аумақтарға жерлерді жатқызу және    қыркүйек       АШМ,
     осы аумақтарға жерлерді резервте                   ҚОҚМ
     сақтау тәртібін бекіту туралы
12   Астана қаласының және басқа да      2003 ж.,    Астана қаласы,
     республикалық маңызы бар            қараша      Алматы
     қалалардың қала маңындағы                       қалаларының
     аймағына енгізілген жерлерді                    әкімдіктері,
     пайланудың тәртібін бекіту                      ЖРА
     туралы
13   Шаруа қожалығын немесе тауарлық     2003 ж.,    ЖРА, АШМ,
     ауыл шаруашылығы өндірісін          қараша      облыстық,
     жүргізу үшін жеке және заңды                    Астана қаласы,
     тұлғалардың жеке меншік,                        Алматы
     уақытша жерді пайдалану                         қалаларының
     құқығында болуы мүмкін ауыл                     әкімдіктері
     шаруашылығы мақсатындағы жер
     телімдердің шекті (ең көп)
     мөлшерін бір әкімшілік ауданның
     (қаланың) шегінде бекіту туралы
14   Азып-тозған және ластанған          2003 ж.,      ЖРА,
     жерлерді консервациялау тәртібін    қараша        ҚОҚМ,
     бекіту туралы                                     АШМ