Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi N 51 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2002 жылғы 1 қараша N
171-ө. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығын іске асыру және қазақстан астығын теңіз жолымен экспортқа шығаруды ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп бір апта мерзімде "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының оған тиесілі жерден алаңы 2 (екі) гектардан кем емес жер учаскесін
пайдалану құқығын астық терминалын салу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына беруін қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі