Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығының орындалу барысы және оны іске асыру жөніндегі қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 7 ақпан N 11-ө

      Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы студенттерiнiң ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында аталған оқу орнына бөлiнген қаражат пен штат санының шегінде әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі